Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі туралы ақпарат беретін платформа пайда болады
© Фото: pexels
FlyArystan әуе компаниясы рейстер кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларға өз мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 20 тамызда әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа сервис жолаушыларға байланыс орталығына жүгінбей-ақ, онлайн түрде әрі қарайғы әрекеттердің қолжетімді нұсқаларын өздері таңдауға мүмкіндік береді.
Мәселен, рейс ұшуға дейін 72 сағат ішінде кешіктірілсе немесе тоқтатылса, жолаушыға билет рәсімдеу кезінде көрсетілген WhatsApp нөміріне немесе электрондық поштасына жеке хабарлама жіберіледі.
"Хабарламада рейстің өзгеруіне қатысты негізгі ақпарат, соның ішінде бастапқы және жаңа ұшу уақыты көрсетіледі", – деп хабарлады әуе компаниясы.
WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы келген бірегей сілтеме арқылы жолаушы жеке веб-парақшаға өтеді. Ол жерде тіркелудің немесе қосымша мәліметтерді енгізудің қажеті жоқ. Парақшада нақты рейске, билетке және өзгерістің сипатына қарай жолаушыға қолжетімді әрекет нұсқалары автоматты түрде көрсетіледі.
Жағдайға байланысты жолаушы:
- "Жаңа уақытты қабылдау" – рейстің ауыстырылған уақытын растау;
- "Басқа уақытқа немесе күнге ауыстыру" – балама рейсті таңдау;
- "Ақшаны қайтару" – әуе компаниясының ережелерінде қарастырылған жағдайда билетті қайтару мүмкіндіктерін пайдалана алады.
"Бұл жекелендірілген сервисті FlyArystan компаниясының барлық жолаушысы билетті қай арна арқылы сатып алғанына қарамастан пайдалана алады", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Айта кетейік, 20 тамызда қытайлық әуе компания Гонконгтан Алматыға жаңа тікелей жолаушылар рейсін іске қосатынын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:22, 21 тамыз 2026
Енді кардиостимуляторды жүректің өзі қуаттауы мүмкін: ғалымдар ерекше құрылғы ойлап тапты
-
13:15, 21 тамыз 2026
Арина Соболенко WTA рейтингінде бірінші орнын сақтап қалады
-
13:03, 21 тамыз 2026
Жүрегі тоқтап, ауруханаға түскен әйелге автотұрақ үшін айыппұл келген
-
12:53, 21 тамыз 2026
Қазақстандық әйелдің 1 млн теңгесін мейрамхана қайтармай қойып, шенеуніктер араласуға мәжбүр болды
-
12:48, 21 тамыз 2026
Алматыда ер адам өз енесіне жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп айыпталды






