Ел-жерді аралайтын шоу цирктер мен шағын зообақ жұмысына тыйым салынады
© Фото: zakon.kz
Келесі жылдан бастап ел-жерді аралап, шоу бағдарлама қоятын цирктер мен жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін кішігірім зообақтардың жұмысына түбегейлі тыйым салынады. Әзірге бұл тыйымның үлкен циркке қатысы жоқ деп отыр экология министрлігі.
Бұл өзгеріс көшпелі окенариум мен дельфинарийлерге де қатысты. Яғни жан-жануарлар мен балықтарды енді жүк көлігіне салып алып, айлап гастроль сапармен ауыл-аймақ, қала, кенттерді аралауға болмайды. Жаңа ережеге бағынбағандарға қомақты айыппұл салынады.
Бас эколог Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, алдағы бір-екі жылда осы саланы бірізділікке түсірсек, министрліктің айналысар келесі шаруасы ірі циирк болмақ. Көршілес Өзбекстандағыдай, барлық жабайы жануарлар мен үйретілген аң-құстарды зообаққа ауыстыру мәселесі қолға алынады.
"Бұл ереже 1 қаңтардан бастап іске асырылады. Байланыс жасайтын зообақ деп жатамыз ғой, жан-жануарды бейберекет ұстататын, сондай зообақтың барлығына тыйым салынады. Басқа елден келетін көшпелі цирктер де осы санатқа жатады".ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 17 желтоқсан 2024
БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты
-
22:19, 17 желтоқсан 2024
Қазақстанда ел-жерді аралайтын цирктер мен шағын зообақ жұмысына тыйым салынады
-
21:44, 17 желтоқсан 2024
Анна Седокова бұрынғы күйеуінің өлімінен кейін ауруханаға түсіп қалды
-
21:16, 17 желтоқсан 2024
Шымкентте тұрғын үй өртенді: үш адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты
-
20:10, 17 желтоқсан 2024
Қаңтар айындағы ҰБТ: 20 желтоқсанда өтініш қабылдау басталады