Қазақстанда доллар бағамы шамамен 3 теңгеге төмендеді

15:48, 2 қыркүйек 2026
MKZ: 1564787

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,97 теңгеге төмендеп, 455,40 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге арзандап, 5,24 теңгеге түсті.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 0,65 теңгеге төмендеп, 67,70 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында долларды 455,68 теңгеден сатып алып, 457,79 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу және сату бағамы – 526,34–531,93 теңге, рубльдікі – 5,16–5,30 теңге.

2 қыркүйекте әлемдік мұнай бағасы бір күн бұрынғы күрт өсімнен кейін жоғары деңгейде қалып отыр.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 94,74 долларға сатылып, 0,1%-ға қымбаттады. Америкалық WTI мұнайының бағасы шамамен 0,2%-ға төмендеп, барреліне 90,03 доллар болды. Сауда барысында Brent бағасы 97,04 долларға дейін, ал WTI 92,29 долларға дейін көтерілді.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,45 теңге, еуроны 531,39 теңге, рубльді 5,29 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 2 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валюталары қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!