Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, нөсер жауады: кей өңірде күн 41°С-қа дейін ысиды
© Фото: unsplash
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, 2026 жылғы 18, 19 және 20 тамызда ел аумағында көптен күткен аптап ыстық бәсеңдеп, нөсер жауын жауады. Алайда республиканың бір өңірінде ауа температурасы әдеттен тыс 41°С-қа дейін көтеріледі.
Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы тек Қазақстанның оңтүстігінде сақталады.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. 19-20 тамызда солтүстік облыстарда, ал 20 тамызда Қазақстанның орталығында нөсер жауын жауады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Болжам бойынша күндіз ауа температурасы:
- солтүстік облыстарда +17…+22°С-қа дейін;
- орталық және шығыс өңірлерде +18…+30°С-қа дейін төмендейді.
Батыс өңірлерде күндіз термометр бағаны +30…+38°С-қа дейін, ал Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°С-қа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ күндізгі ауа температурасы:
- Ақтөбе облысында +27…+35°С;
- Қостанай облысында +20…+30°С;
- Қазақстанның оңтүстігінде +30…+37°С;
- республиканың оңтүстік-шығысында +28…+35°С болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялаған еді. Оған сәйкес, Қазақстанның тоғыз өңірінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп, үш облыста ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады. Сондай-ақ еліміздің 13 өңірінде 6°С-қа дейін үсік жүреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:14, 17 тамыз 2026
Ақтөбеде сатушыдан 1 млн теңге бопсалағандар бостандықта қалды
-
13:02, 17 тамыз 2026
Күйеу баласы 74 жастағы енесін өлімші етіп ұрып, баспалдақтан итеріп жіберген
-
12:54, 17 тамыз 2026
Құрылтай сайлауы күні Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
-
12:49, 17 тамыз 2026
Павлодарда әсерлі видео түсірмек болған жүргізуші мен жолаушылар жазаланды
-
12:36, 17 тамыз 2026
Жетісу облысында көлік нөмірін әдейі жапқан жүргізуші жауапқа тартылды





