Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр
© Фото: akorda.kz
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров отандастарын Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, тазы – халқымыздың мәдени мұрасы мен дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі. Жеті қазынаның біріне жататын ұлттық ит тұқымы адалдықтың, ептілік пен күштің нышаны саналады.
Ғасырлар бойы Ұлы дала төсінде көшпенділер тұрмысымен біте қайнасқан тазы мен төбет бізді тарихымызбен және туған жер мен өскен ортасын қадір тұтқан ата-баба дәстүрімен байланыстырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді. Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды, – деді Айбек Смадияров.
2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді.
Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді. Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.
"Тарихи мұрамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, табиғатты аялау – Ата заңымызда құндылықтар ретінде айқындалған. Қазақ тазысы мен төбеті күнін атап өту – бірегей мұрамызды әлемге дәріптеуге септігін тигізетін маңызды қадам." Айбек Смадияров
Бұған дейін тазының халықаралық деңгейде танылуы жаңа жұмыстың бастамасы болғаны туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 3 қыркүйек 2026
Серік Жұманғарин қызметінде қалды – президент жарлыққа қол қойды
-
10:02, 3 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Қойшыбаевты қайта тағайындады
-
09:55, 3 қыркүйек 2026
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды
-
09:47, 3 қыркүйек 2026
Астанада Өзбекстан профессоры тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды: ҰҚК жауап берді
-
09:36, 3 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және тағы төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасалды





