Қазақстанда 1600 АЕК-ке дейінгі қарызы бар азаматтардың банкроттық рәсімін қысқарту жоспарлануда
© Фото: freepik
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бүгінгі күнге дейін қанша қазақстандық банкрот деп танылғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ержан Біржановтың сөзінше, 2023 жылғы 3 наурыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттық механизмі іске қосылған сәттен бері 51 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды. Оларға қатысты қарыздар 188 млрд теңге көлемінде тізімнен шығарылды.
"Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары қарастырып, қабылдаған түзетулерге сәйкес ломбарлар кредиторлар тізімінен шығарылып, 5 жылдан астам уақыт өтпей, 1600 АЕК-ке дейін қарызы бар азаматтарға банкроттық рәсімнің мерзімі қысқартылды", – деді ол.
Еске салсақ, 2025 жылғы 5 қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова Қазақстанда жаңа несие амнистиясының мүмкіндігі туралы айтып берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:01, 3 наурыз 2026
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
-
21:40, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ
-
21:15, 3 наурыз 2026
Рудный қаласында екі жастағы қыз бала «Газель» көлігінің астына түсіп, қаза тапты
-
20:42, 3 наурыз 2026
4 наурызда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:17, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтар үшін маңызды ақпарат: дәл қазір нені білу қажет





