Қазақстан 2025 жылы Қандас пен қоныс аударғандарға қалай көмектеседі
© Фото: Министерство иностранных дел РК
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұйрықтың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:
- қандастар үшін:
- Павлодар облысы – 1 056 адам,
- Ақмола облысы – 285 адам,
- Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам,
- Абай облысы – 244 адам,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам,
- Қостанай облысы – 150 адам,
- Атырау облысы – 100 адам,
- Батыс Қазақстан облысы – 30 адам;
- қоныс аударушылар үшін:
- Павлодар облысы – 3 050 адам,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 969 адам,
- Қостанай облысы – 535 адам,
- Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам,
- Абай облысы – 255 адам,
- Ұлытау облысы – 125 адам,
- Қарағанды облысы – 38 адам.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
- көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 8 қаңтар 2025
Харбиндегі Азия ойындарында өнер көрсететін шорт-трекшілер белгілі болды
-
22:46, 8 қаңтар 2025
«Ештеңе төлемейсіздер». Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды
-
22:36, 8 қаңтар 2025
«Боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана, Алматы мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
22:36, 8 қаңтар 2025
«Боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:26, 8 қаңтар 2025
Азия ойындары-2025: керлингтен Қазақстан намысын кімдер қорғайды