Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Қаскүнем 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген.
Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.
Өткен жылы ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған іс-әрекеті үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 25 мамыр 2026
Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады
-
21:56, 25 мамыр 2026
Айбота Ертайқызы: Азия чемпионатының финалында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын
-
21:34, 25 мамыр 2026
Путинцева «Ролан Гаррос-2026» турнирінде аустралиялық қарсыласынан басым түсті
-
20:56, 25 мамыр 2026
Сейсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:25, 25 мамыр 2026
Астанада полиция есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады





