Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетті

19:00, 8 қараша 2024

© Сурет: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федерация бұл ақпаратты растады. Ол өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Әділет Барменқұлов 2022 жылы ақпанда ҚФФ президенті болып сайланды.

ҚФФ жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Федерация өтетін уақытын жақын арада хабарлауға уәде етті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!