Қар, тұман, көктайғақ: 9 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

20:12, 8 қараша 2024

© Фото: zakon.kz

Ертең, 9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодарда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 09 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

Қостанайда күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 09 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 09 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 09 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 09 қарашада көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 09 қарашада көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 09 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 09 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 09 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Павлодар қ: 09 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 09 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!