«Қатты аяз болады». Елордалық ТЖД қала тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады
© Сурет: unsplash
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 8 желтоқсанда елорда тұрғындарына жүгініп, алда күн күрт суытатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері ауа температурасы -25, -26 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасап, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салды. Құтқарушылардың ескертуі бойынша, жылу беру маусымында үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ерекше маңызды.
Өрттің алдын алу және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін:
- пештің жылу жүйесінің, газ және электр жылытқыштарының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру;
- тек сертификатталған, ақаусыз құралдарды пайдалану;
- электр желісін шамадан тыс жүктемеу, құралдарды қараусыз қалдырмау;
- жылытқыштарды жанғыш заттар мен материалдардан қауіпсіз қашықтықта орналастыру;
- қолмен жасалған немесе зақымдалған жылытқыштарды қолданбау;
- құбырларды уақытылы тексеру және тазалау.
Еске сала кетейік, жылу құралдарын дұрыс пайдалану – қауіпсіздіктің кепілі.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша алдағы үш күнге (9-11 желтоқсан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
-
20:20, 8 желтоқсан 2025
Жапонияда қатты жер сілкінісі болды
-
19:54, 8 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос»: Астана Арена стадионына қалай тез әрі тегін жетуге болады
-
19:39, 8 желтоқсан 2025
Қарағандыда бірнеше құқық бұзушылық жасаған мас жүргізуші ұсталды





