Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдай туралы: Барлығын келіссөздер арқылы шешу мүмкін емес
12:00, 14 сәуір 2025
© Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгершілік күштер қатарында табысты қызмет етіп, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан офицерлер мен сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент елімізге жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде атқарып келген әскерилер ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсеткенін, сол арқылы Ұлттық армиямыздың, тұтас мемлекетіміздің беделі көтерілгенін атап өтті.
"Бітімгер болу – бейбітшіліктің елшісі болу деген сөз. Бұл – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік, нағыз ержүрек жауынгерлердің қолынан келетін іс. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазір әлемдегі жағдай аса күрделі екенін білесіздер. Түрлі қақтығыстар болып жатыр. Өкінішке қарай, оның бәрін келіссөз арқылы шешу мүмкін болмай тұр. Мұндай кезде бітімгерлік миссиялары айрықша рөл атқарады. Қазақстан – бейбіт ел. Біз әлемде тұрақтылық орнатуды көздейтін барлық бастаманы қолдаймыз", – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.
Президенттің айтуынша, еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. 80 азамат байқаушы және штаб офицері ретінде бірнеше миссияға атсалысып, 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның арнайы операцияларына қатысқан.
Мемлекет басшысы олардың ішінде Әлия мен Мәншүктің, Хиуаздың жолын жалғаған жаужүрек арулар да бар екенін атап өтті.
Бұған дейін Тоқаев Голан жоталарында қызмет еткен қазақстандық бітімгершілерді "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" жарлыққа қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 24 сәуір 2025
Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр
-
22:09, 24 сәуір 2025
Павлодарда өрт сөндірушілер қызыл жалыннан үш баланы құтқарып қалды
-
21:54, 24 сәуір 2025
Павлодардан жүрек ақауы бар үш айлық сәби Астанаға тікұшақпен жедел жеткізілді
-
21:16, 24 сәуір 2025
Шымкентте екі баланың өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды
-
20:45, 24 сәуір 2025
Қызылордада құтқарушылар өрт кезінде ер адамды жалыннан алып шықты
Танымал жаңалықтар
-
14:48, 24 сәуір 2025
-
13:32, 24 сәуір 2025
-
12:17, 24 сәуір 2025
-
11:25, 24 сәуір 2025
-
14:02, 24 сәуір 2025
-
10:35, 24 сәуір 2025
-
14:22, 24 сәуір 2025
-
16:04, 24 сәуір 2025
-
11:12, 24 сәуір 2025
-
11:57, 24 сәуір 2025
-
13:00, 24 сәуір 2025
-
10:41, 24 сәуір 2025
-
15:16, 24 сәуір 2025
-
10:53, 24 сәуір 2025
-
12:50, 24 сәуір 2025