Ақтөбеде полиция жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін дрондарды қолдануда
© Фото: unsplash
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының полициясы заманауи техникалық мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып келеді. Солардың бірі – құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар).
Дрондардың көмегімен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін, жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбайтын немесе бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан жолға шығатын азаматтар анықталуда. Мұндай әрекеттер олардың өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.
Осы мақсатта Ақтөбе қаласындағы көлік қозғалысы ең қарқынды учаскелердің бірінде полиция қызметкерлері дрондарды пайдалана отырып профилактикалық іс-шара өткізді. Әуе бақылауы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер анықталып, олардың әрқайсысымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Жыл басынан бері облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оның ішінде 150-ден астам құқық бұзушылық дрондардың көмегімен анықталған. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы және бағдаршамның рұқсат беретін белгісі жанғанда ғана кесіп өтуге шақырады.
Заң мен тәртіпті сақтау, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздік талаптарын орындау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Өйткені жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:28, 15 маусым 2026
Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты
-
15:57, 15 маусым 2026
Жетісу облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер анықталды
-
15:42, 15 маусым 2026
Доллар бағамы тағы 2 теңгеге қымбаттады
-
15:29, 15 маусым 2026
Қарағанды облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
-
15:13, 15 маусым 2026
Алматы қуыршақ театры Татарстандағы халықаралық фестивальде Қазақстанның атынан өнер көрсетеді





