Қару ұрлап қашқан сарбаз ұсталды – ІІМ

08:33, 21 ақпан 2020

Әскери бөлімнен қашқан сарбазды ұстау операциясы аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери бөлімді рұқсатсыз тастап, қару ұрлап кеткен әскери қызметкер, 1995 жылы туған Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 291 бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ІІМ.

Қару ұрлау оқиғасы туралы 20 ақпанда белгілі болды. Кезекшілікте болған кіші сержант әскери бөлімнен рұқсатсыз, өз еркімен кеткен. Қару сақтайтын бөлмеде қару-жарақтың жетіспеушілігі анықталды. Қарудың жоғалуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!