Қарағанды облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге бағытталған ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Бірнеше күн ішінде полиция қызметкерлері 984 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде мыналар бар:
- 155 дерек – мемлекеттік тіркеу нөмірлері ластанған немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдалану;
- 44 дерек – мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқару;
- 30 дерек – қарсы қозғалыс жолағына заңсыз шығу;
- 25 дерек – жалған мемлекеттік нөмірлерді қолдану;
- 21 дерек – мас күйінде көлік басқару фактілері.
Рейд барысында заң талаптарын өрескел елемеген жүргізушілер де анықталды. Мәселен, 12 маусым күні сағат 18:20 шамасында 15-магистраль бойында патрульдік полиция қызметкерлері электркөлікті тоқтатты.
Тексеру кезінде 22 жастағы жүргізушінің өзіне тиесілі емес жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны белгілі болды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. 13 маусымда Нұра – Қарой автожолында патрульдік полиция қызметкерлері Snap-700 электрмопедті басқарған азаматты тоқтатты.
Рөлде отырған 22 жастағы азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ екені және мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Ал 14 маусым күні Абай қаласында полиция қызметкерлері 51 жастағы мопед жүргізушісін ұстады. Ол көлікті мас күйінде басқарған, жүргізуші куәлігінсіз жүрген және мопедіне жалған мемлекеттік нөмір таққан.
Құқық бұзушылар заң аясында жауапқа тартылды. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 15 маусым 2026
Қазақстанда мерзімі аяқталуға жақын жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстыруға болады
-
17:26, 15 маусым 2026
Түркіcтан облысында масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
-
17:11, 15 маусым 2026
Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды
-
16:59, 15 маусым 2026
СІМ шенген визасына қатысты қазақстандықтардың шағымдарына жауап берді
-
16:52, 15 маусым 2026
Оралдағы түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді





