Қарағанды облысында полицейлер көлікті айдап әкеткен азаматты ұстады
© Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының Саран қаласында автокөлікті ұрлау дерегі жедел түрде ашылды. 20 жастағы жергілікті тұрғын дүкенге қысқа уақытқа бас сұғып, көлігін оталдырылған күйде қалдырып кеткен.
Оның бұл бейқамдығын пайдаланып, белгісіз азамат көлікті айдап әкеткен. Артқы орындықта жәбірленушінің досы ұйықтап жатқан. Бірнеше минуттан кейін оралған көлік иесі темір тұлпарының жоғалғанын бірден аңғарған.
Полиция шақырылған сәттен-ақ әрекетке көшті. Ұрланған көлікке қатысты ақпарат жақын маңдағы барлық патрульдерге дереу таратылды. Көп ұзамай тәртіп сақшылары сипаттамаға сәйкес келетін автокөлікті жанармай құю стансаларының бірінен байқап қалады.
Полицейлер жақындап келгенде, оның шынымен де іздестіріліп жатқан көлік екені расталды. Рөлде мас күйінде болған 26 жастағы ер адам отырған.
Полицейлер құқық бұзушыны сол жерде құрықтады. Көлікті айдап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды.
Ал алкогольдік мас күйінде көлік басқарғаны үшін күдікті сот алдына жеткізілді. Сот шешімімен күдікті 20 тәулікке қамауға алынып 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:10, 5 желтоқсан 2025
Президент әлемдегі тікелей шетелдік инвестиция нөпірінің күрт төмендеуінің басты себептерін атады
-
14:08, 5 желтоқсан 2025
Қазақстан президенті: Кәсіпкерлерді қолдау үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру қажет
-
14:06, 5 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы: Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу ЖІӨ-ге 20 млрд долларға дейін кіріс әкелуі мүмкін
-
14:03, 5 желтоқсан 2025
Тоқаев: Шағын және орта бизнесті дамыту – менің ерекше бақылауымда
-
14:02, 5 желтоқсан 2025
Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ - Тоқаев





