Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыз 36 жастағы ер адаммен бірге тұрған
© Сурет: pexels
Қарағанды облысы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Теміртау қаласы білім беру бөлімінің бастамасымен ата-ана құқығынан айыру жөнінде іс қаралды. 14 жастан бастап қыз баланың 36 жастағы ер адаммен бірге тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта азаматша Ч-ға қатысты 2010 жылы туған кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіру туралы талап арызы қаралды.
Талап арызды баланың өмір сүруіне, білім алуына қажетті тұрмыстық жағдайдың жоқтығы, жауапкердің қызының тәрбиесіне және күтіп-бағуға қатыспауына, жұмыс істемеуі, моральға жат өмір салтын ұстануы, ішімдікке салынуы, ата-аналық міндеттерін орындамауы, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі, балаға ешқандай қызығушылық танытпауымен негіздейді.
"Соның салдарынан кәмелетке толмаған 14 жасынан бастап 36 жастағы ер адаммен бірге тұрғаны анықталды", делінген сот хабарламасында.
Жауапкер полиция басқармасында "баласының тәрбиесі мен оқуы бойынша міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана" ретінде есепте тұрады. Ол бірнеше рет ата-аналық міндеттерін орындамағаны, спирттік ішімдіктер ішкені, баланың түнгі уақытта заңды өкілінсіз үйден тыс жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оқушы қыз 2025 жылы 12 наурызда Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды және қазіргі уақытта сол жерде.
Сотта қамқоршылық орган мен прокурор талап арызды қанағаттандыруды сұрады.
Жауапкер өзін ата-ана құқығынан айырмауды өтінді. Кәмелетке толмаған А. да анасының ата-ана құқығынан айырылуына қарсы екенін айтты.
2025 жылғы 3 шілдедегі сот шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Ч. кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айырылды, сондай-ақ одан баланы асырауға алимент өндірілді. Қыз қорғаншылық және қамқоршылық органның қамқорлығына берілді.
Осы іс бойынша талап арызды қанағаттандыруға негіз болатын мән-жайлар сотпен анықталды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақтауда психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаған адамдар сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





