«Қар жауып, үсік жүреді». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22:33, 14 сәуір 2025

© Сурет: unsplash

15 сәуірде еліміздің 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының шығысында, Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді. Облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз кей уақытта найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болып, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), түнде және таңертең облыстың солтүтігінде, шығысында тұман болады, күндіз облыстың солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Ақтөбеде де түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүруі ықтимал.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Қарағандыда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылуы ықтимал.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Қостанайда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі. Қызылордада да күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүру ықтималдылығы да жоғары.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, облыстың батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында, орталығында топырақ беті қатып, 2 градус аяз болатыны болжанады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус суық болып, үсік жүруі ықтимал. Күндіз сынап бағаны 12-17 градус жылыны көрсетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болып, облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп болжанады. Облыста 12-17 градус жылы болады, ал облыстың шығысында сынап бағаны 7 градус жылыға дейін төмендейді.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 15-17 сәуір аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!