Қандыағаш қаласында астан уланған адамдар 113-ке жетті

14:12, 24 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында астан уланған тұрғындар саны 113-ке жетті. Олардың барлығы бір мейрамханаға тойға, асқа және өзге де себептермен барған.

Естеріңізде болса, бұған дейін ішек инфекциясымен 102 адамның ауруханаға түскенін хабарлаған едік. Соңғы екі тәулікте тағы 11 адам медицина мекемелерінің көмегіне жүгінген.

Санитарлар мейрамхана мәзіріндегі тамақтардан сынама алып, зертханаға жіберді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал полиция департаменті санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қандыағаш қаласындағы "Тұмар" мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, кейбір науқастарда жағдайларының жақсаруы байқалады. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Айгүл Аманжолова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!