Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымға тағайындалды

© Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Регби федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылдың 25 қаңтарында "QAZAQSTAN RUGBY" заңды тұлғалар бірлестігінің кезектен тыс жалпы жиналысы барысында қазіргі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Федерацияның жаңа президенті болып бірауыздан сайланды", делінген сенбіде жарияланған хабарламада.
Қазақстанда регби өз дамуын жалғастыруда, әсіресе әйелдер құрамасының жетістігі байқалады - ол әлемдік рейтингте 19-шы орында және беделді халықаралық турнирлерде бірнеше рет жеңіске жеткен. Бұл ретте ерлер құрамасы мен жастар құрамасы да халықаралық аренада атын шығаруда.

Регби федерациясы жастарды қолдап, жаңа ұрпақты салауатты және белсенді өмір салтына тарту үшін жағдай жасай отырып, осы спорт түрін белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, 20 қаңтарда Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып тағайындалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 9 ақпан 2025
Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
-
12:06, 9 ақпан 2025
Қазақстандық конькишілер Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды
-
11:47, 9 ақпан 2025
Тарихи алтын! Головкин шорт-трек құрамасын құттықтады
-
11:35, 9 ақпан 2025
Қазақстанда медициналық авиация ұшақтары жаңартылады
-
11:00, 9 ақпан 2025
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды