Астанада алаяқтық схемасын ұйымдастырған күдікті ұсталды
© Сурет: pexels
Астанада несие рәсімдеуге байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген күдікпен ер адам құрықталды. Ол интернетте кез келген жағдайда несие рәсімдеуге көмектесемін деген хабарландыру жариялаған. Оның ішінде кредиттік тарихы нашар азаматтарға да көмек көрсететінін айтқан.
Қарыз алу үшін күдікті өз қызметі үшін алдын ала төлем талап етіп, ақшаны үшінші тұлғалардың шоттары арқылы аудартқан. Қазіргі уақытта шамамен 10 адам зардап шеккені анықталды.
Алаяқтық әрекет қаржылық аударымдарды талдау барысында әшкереленді. Аталған факті бойынша алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:17, 17 наурыз 2026
Петропавлда электр қосалқы станциясында ток соғып, 21 жастағы жұмысшы қаза тапты
-
18:59, 17 наурыз 2026
Алматыда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды
-
18:38, 17 наурыз 2026
Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан сөмкеден ер адамның мәйіті табылды
-
18:19, 17 наурыз 2026
Еуроодақ 20-санкциялар пакетін талқылап жатыр: оған Қазақстан іліге ме
-
18:19, 17 наурыз 2026
Еуроодақ 20-санкциялар пакетін талқылап жатыр – оған Қазақстан іліге ме





