«Қағаз жүзіндегі есептің еш қажеті жоқ - нақты нәтиже керек»: Тоқаев Алатаудың дамуына жауаптыларға үн қатты
© Сурет: akorda.kz
Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы жеке жауапкершілік туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, қаланы көркейту жұмысы кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Бұл – Қазақстанның барлық қалаларына қатысты міндет.
"Арнайы басқару режимін енгізу, инвестицияны қорғау және қажетті инфрақұрылымды дамыту ісін бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Бұл бағыттардың бәрі өте маңызды. Мысалы, бастапқы инфрақұрылым болмаса, инвестиция қорғалмаса, халықаралық инвесторлар мұнда келмейді. Бұл айқын нәрсе. Арнаулы құқықтық режим болмаса, инновациялық тәсілдерді енгізе алмаймыз. Шын мәнінде, Алатау city жобасын жүзеге асыру – тұрмыс сапасы және іскерлік ортасы ең жоғары әлемдік талаптарға сай келетін озық қала салу деген сөз". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент атап өткендей, "бұл – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс".
"Сондықтан біз тыңғылықты, тиянақты, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Құр қағаз жүзіндегі есептің еш қажеті жоқ. Бәрімізге керегі – бір-ақ нәрсе: бұл – нақты нәтиже. Қажетті жағдайдың бәрі жасалып жатыр. Тиісті құқықтық негіз бар, ресурс та жеткілікті. Енді барлығы алдағы міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуына тікелей байланысты болады. Әрбір бағыт бойынша жеке жауапкершілік жүктеледі. Осы ауқымды жобаны бірлесіп, табысты жүзеге асырамыз деп сенемін".Мемлекет басшысы
Бұған дейін президент Алатау қаласында нені шұғыл қолға алу керек екенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 2 маусым 2026
Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды
-
16:44, 2 маусым 2026
Жойылып кеткен түр қайтадан табиғатқа қайтарылуда: Қазақстанға сирек кездесетін жылқылардың бір тобы әкелінді
-
16:31, 2 маусым 2026
Неге кейбір қазақстандық аналарға декреттік төлемдер кешігіп беріледі
-
16:16, 2 маусым 2026
2 маусымдағы саудада доллар бағамы 490 теңгеден асты
-
15:58, 2 маусым 2026
Күн сайын Алматыға 400 мыңға жуық автокөлік кіріп шығады: Тоқаев «Skytrain» желісіне қатысты тапсырма берді





