Иранның Иорданиядағы шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты
© Фото: flickr/Gage Skidmore
Иранның Иорданиядағы шабуылы салдарынан АҚШ-тың екі әскери қызметкері қаза тауып, тағы бірі із-түзсіз жоғалды. Осы жағдайдан кейін АҚШ Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына кезекті әуе соққыларын жасап, Таяу Шығыстағы жағдай одан әрі шиеленісе түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, АҚШ әскери күштері 17 шілдеде Иорданиядағы әскери базаға жасалған шабуылға қатысы бар ИРСК күштеріне соққы бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ Иранның жағалау күзеті нысандары, әуе қорғанысы жүйелері, теңіз инфрақұрылымы, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған қоймалар да нысанаға алынған.
Сонымен қатар Иран өңірдегі АҚШ-тың одақтастарына қарсы шабуылдарын күшейтті. Кувейт билігі электр станциясы, тұщыландыру зауыты және мұнай нысаны сияқты азаматтық инфрақұрылымдарға соққы жасалғанын хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер бар. Зымырандар мен дрондар әуеде тосып алынғаннан кейін елдің әуе кеңістігі уақытша жабылды.
Бахрейнде зымыран және дрон шабуылы қаупіне байланысты әуе дабылы жарияланды. Ал Иордания билігі әуе қорғанысы жүйелері Иран ұшырған зымырандарды тосып алғанын мәлімдеді.
Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Жасем Мұхаммед әл-Будайви Кувейттің азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптап, оны халықаралық құқықты бұзу әрі әскери қылмыс деп атады.
Өз кезегінде Иран Кувейт пен Бахрейндегі америкалық әскери нысандарға соққы жасағанын, сондай-ақ АҚШ-тың бірнеше әскери ұшағын жойғанын мәлімдеді. Алайда АҚШ бұл ақпаратты растамай, Тегеранның кейбір мәлімдемелерін жалған деп атады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, АҚШ-тың қайта басталған әуе шабуылдары салдарынан елде 50 адам қаза тауып, 500-ден астамы жараланған.
Иранның Жоғарғы көшбасшысының аға әскери кеңесшісі Мохсен Резаи егер АҚШ шабуылдарын тағы бірнеше күн жалғастырса, Тегеран толық ауқымды шабуылдау әрекеттеріне көшетінін ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





