Аптап ыстық Қазақстанның үш облысындағы жолдарға зақым келтірді
© Сурет: ҚазАвтоЖол
Қазақстанда ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар тәулік бойы бақылауға алынды. Аптап ыстық салдарынан Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарындағы бірнеше жол учаскесінде температуралық деформациялар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол қызметтері 18 шілдедегі жағдай бойынша цементбетон жабыны бар жалпы ұзындығы 1 636,5 шақырым автомобиль жолына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.
Жоспарлы тексеру кезінде үш облыста цементбетон жабынының жергілікті температура әсерінен деформацияланған алты учаскесі анықталған. Ақаулар тіркелген жерлерге дереу жол бригадалары мен арнайы техника жіберілді.
Жөндеу жұмыстарына 51 жол маманы және қажетті техника жұмылдырылды. Тұрақты бақылау мен жедел әрекет ету нәтижесінде анықталған барлық ақау қысқа мерзімде жойылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Қазір жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, аптап ыстық кезінде цементбетон жол жабындысының температурасы +60…+70 градусқа дейін, кей жағдайда одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Мұндай кезде бетон плиталарында ішкі кернеу пайда болып, температуралық деформациялар орын алады.
Жол мамандары жаз мезгілінде жолдардың техникалық жағдайын тұрақты бақылау маңызды екенін атап өтті. Бұл ақауларды ерте анықтап, алдын алу және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.
Цементбетон жабыны бар республикалық маңызы бар автожолдарға тәулік бойы мониторинг жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 13 тамыз 2026
Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





