Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді химия олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды
© Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO 2026) Қазақстан құрамасы 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық құраманың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанып, бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Өскемен қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Женісханова Айзере жеңіп алды.
Күміс медаль иегерлері:
- Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Қали Әбілмансұр;
- Алматы қаласындағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы Полетаев Данил;
- Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы Жақсылықов Ансар. Ұлттық құраманың жетекшілері:
- Бегдаир Санжар Саматұлы – KAIST университетінің (Корея Республикасы) студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
- Нұртазин Ануар Абайұлы – химия және экономика магистрі, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар теориялық және практикалық екі бес сағаттық кезеңде күрделі химиялық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындады.
Халықаралық химия олимпиадасы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1998 жылдан бері қатысып келеді және жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





