Интернет-алаяқтар зейнеткерді 50 млн теңгеге алдап кетпек болған
© Сурет: unsplash
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлкеев ведомствоның 2024 жылғы 22 сәуірдегі брифингінде интернет-алаяқ зейнеткерден 50 млн теңгені алдап аудармақ болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағандыда полицейлер зейнеткерді алаяқтардан сақтап қалды.
"Қарағанды облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөліміне банктен қоңырау түседі. Олар өз депозитінен 50 млн теңге алмақ болған əйел туралы хабарлайды.", – деді Шыңғыс Алекешев.
Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қаржы мекемесіне дереу келген.
"Қаржы мекемесіне барған тəртіп сақшыларына қала тұрғыны өз шотындағы ақшаны шешіп алып, немересінің депозитіне салғысы келетінін айтқан. Ал немересі бұл туралы мүлдем білмеген. Полицейлер зейнеткерді қаражатты шешпеуге көндірген. Алаяқтардың əйелге "бұл туралы ешкімге айтпа" деп ескерткендігі анықталды", – деді спикер.
Оларға сеніп қалған қала тұрғыны ешкімге тіс жармай, қаскөйлердің нұсқауын орындамақ болған.
2024 жылдың 4 сәуірінде Астана полициясында интернет-алаяқтардың негізгі схемалары және оларды қалай пайдаланатыны туралы айтылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:55, 4 мамыр 2024
Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ
-
22:55, 3 мамыр 2024
Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады
-
22:30, 3 мамыр 2024
Ақтөбені қара түтінге бөккен алапат өрт сөндірілді
-
22:22, 3 мамыр 2024
Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды
-
21:29, 3 мамыр 2024
«Газ баллонын шаша салды». Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды