Instagram-да басталған дау қанды қақтығысқа ұласқан: алты бозбала сотталды
© Сурет: pxhere
Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанды өлтiру, пышақ қолдану арқылы бұзақылық жасау, бір және одан көп адамды өлтіруге оқталу айыбымен бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта 2024 жылы 2 қаңтарда Ақтөбе қаласы маңындағы Ақжар және Қызылжар елдімекендерінің тұрғындары арасында туындаған түсінбеушілік салдарынан Қызылжар ауылындағы "Алмаз" дүкенінің алдында жаппай төбелес болғаны анықталды.
Төбелес кезінде екі сотталушы кәмелетке толмағанның екі жақ жамбасына пышақ салған. Жәбірленуші қан кету салдарынан ауруханада көз жұмды. Тағы бір жәбірленушінің жон тұсынан пышақ сұғылған. Ол дер кезінде көрсетілген кәсіби медициналық көмектің арқасында аман қалды.
Тағы бір сотталушы жәбірленушінің сол жақ иығына пышақ сілтеп, жеңіл зақым келтірген. Тағы үш сотталушы өзге үш бозбаланы ұрып-соғып, оларға қатысты пышақ қолданған.
Сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған төртеудің әрқайсысы 4 жылдан жаза арқалады.
"Сот үкімімен тағы бір сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 9,14-тармақтарында 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1,9-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ тағы бір бозбала кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:18, 30 қазан 2024
«Қазхром» кәсіпорнында екі жұмысшы қаза тапты
-
19:47, 30 қазан 2024
Астанада Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
-
19:23, 30 қазан 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
-
19:18, 30 қазан 2024
«Ұшаққа жай түсті». Шымкент – Алматы рейсінің неге кешіктірілгені белгілі болды
-
18:57, 30 қазан 2024
Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады