InDriver командасы Қазақстанға көшіп келеді
Бұл туралы Chocofamily Holding-тың негізін қалаушылардың бірі Рамиль Мухоряпов жазды.
InDriver такси қызметі командасының едәуір бөлігін Ресейден Қазақстанға көшіреді. Бұл туралы Chocofamily Holding компаниясы иелерінің бірі Рамиль Мухоряпов Instagram парақшасында хабарлады.
Қазақстандық кәсіпкерге inDriver негізін қалаушы Арсен Томский компанияның Қазақстанға тұрақты жұмыс істеу үшін көшетінін айтты.
«Арсен Томский негізгі команданың маңызды бөлігінің Қазақстанға қоныс аударғанын растады. Еліміз үшін тамаша жаңалық. Алматыға келген қонақтарды жылы қарсы алу керек. Ресейдегі және әлемдегі ең мықты мамандар енді Қазақстанда тұрып, салық төлеп, қаражат жұмсап, Қазақстан тұрғындарына білім мен технологияны үйрететін болады», — деп жазды Мухоряпов.
Айта кетейік, InDriver – орталықтандырылмаған модель бойынша жұмыс істейтін халықаралық жолаушылар көлігі қызметі. Онда сапардың барлық шарттары жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы келісім нәтижесінде анықталады. Сервистің әлемнің 39 елінде 100 миллионнан астам пайдаланушысы бар.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 1 сәуір 2026
Маңғыстау облысында тергеудегі азаматқа телефон өткізбек болған күдікті анықталды
-
16:45, 1 сәуір 2026
Петропавлда полицейлер электросамокат пен велосипед жүргізушілері арасында профилактикалық жұмысты күшейтті
-
16:34, 1 сәуір 2026
Алматыда саябақ салу үшін жер учаскесі мәжбүрлі алынбайды
-
16:26, 1 сәуір 2026
Астанадағы Мансап орталығының тәжірибесін Қырғызстанда енгізу жоспарланып отыр
-
16:13, 1 сәуір 2026
Астанада полиция брендтік тауарларды заңсыз сатумен айналысқан күдіктіні ұстады





