Маңғыстау облысында тергеудегі азаматқа телефон өткізбек болған күдікті анықталды

16:55, 1 сәуір 2026

© Сурет: ҚР ІІМ

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жедел ақпарат негізінде жүргізілген тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Атап айтқанда, тергеудегі азаматқа арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде дымқыл майлықтың ішіне жасырылған бір телефон табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Мекеме басшылығының мәліметінше, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына заңсыз өткізу әрекеттерінің алдын алу мақсатында бақылау-қарау шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

"Азаматтарды белгіленген тәртіпті сақтауға шақырамыз. Әрбір анықталған дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады, – деп атап өтті мекеме басшылығы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!