Индонезияда өлім жазасына кесілген филиппиндік әйел түрмеден босатылды
© Фото: pexels
Индонезияда есірткі тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесіліп, атыла жаздаған филиппиндік әйел түрмеден босатылды.
Мэри Велосо ауыр үкімге іліккендер камерасында 15 жылдай отырған.
Бүгін ол Манилаға ұшатын рейспен үйіне оралмақ.
Баспасөз маслихатында сөйлеген сөзінде Велосо екі ел президенттеріне алғыс айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Индонезия мен Филиппин үкіметі осы мәселе бойынша жылдар бойы келіссөз жүргізген.
Велосо екі баланың анасы, бұрын үй көмекшісі болып жұмыс істеген. Ол 2010 жылы 2,5 келі героинмен Джокья Карта қаласында тұтқындалды.
Айтуынша, білместікпен наркокурьер болып, қолға түсіп, істі болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 18 желтоқсан 2024
«Қар жауып, боран соғады». Синоптиктер суық циклон жылжып келе жатқанын ескертті
-
17:41, 18 желтоқсан 2024
Таразда алты анаға «Алтын алқа», 29 анаға «Күміс алқа» тапсырылды
-
17:32, 18 желтоқсан 2024
2024 жылы елімізде тұрғын үй құрылысына қанша қаражат жұмсалды
-
17:00, 18 желтоқсан 2024
Депутат қоқыс полигондарындағы жағдайды айтып, министрлікті сынға алды
-
16:42, 18 желтоқсан 2024
Қазақстанға циклон арқылы қарлы боран мен жауын-шашын келеді