Илья Ильиннің бір жасар қызы көпшіліктің көзайымына айналды

12:58, 31 наурыз 2026

© Сурет: Instagram/ilyina_tatyana_

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желіде отбасылық видео жариялады. Онда оның бір жасар қызы Айли әртүрлі киім киіп, жас әнші Viola Antonova-ның "Это модно" әнінің әуенімен сән көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнероликті спортшы өзінің Instagram парақшасында жарияланған.

"Сен біздің кішкентай сәнқойымызсың!" – деп жазды Илья Ильин.

Пікірлерде алғашқылардың бірі болып оның жары Татьяна жауап беріп, қызын еркелетіп "жұлдызымыз" деп атаған. Кейін жанкүйерлер де жылы лебіздерін жаудырып, пікірлер қалдырған.

  • Әкесінен аумай қалған ғой!
  • Сүйкімді-ақ!
  • Балапан ғой, қандай тәтті!
  • Өзі сондай сәнқой)

Бұған дейін Баян Алагөзованың жұбайы барлық балаларының басын қосқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!