ІІМ 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін міндетті түрде ауыстыруға қатысты мәлімдеме жасады

15:47, 9 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы 9 сәуірде желіде тараған жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін осы мәселеге қатысты Алматы қаласы ПД басқармасы мәлімдеме жасаған болатын.

"Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді",- делінген ведомство таратқан ақпарда.

Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ

Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
  • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
"Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі туралы егжей-тегжейлі мына жерден біле аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!