ІІМ сапасыз жолдар үшін кім жауапты екенін айтты

17:02, 16 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев 2024 жылғы 16 қыркүйекте ведомствоның брифингінде Қазақстанда автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің айтуынша, ІІМ жол саласындағы ережелердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

"Жыл басынан бері полиция 495 мың шақырым жолды қамтитын автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне 32 мың тексеру жүргізді. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 57 мыңнан астам ақаулар анықталды. 31 мың ұйғарым берілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 4,5 мың ақпарат жергілікті атқарушы органдарға және жол иелеріне жолданды", — деп толықтырды ол.

Оның деректері бойынша, автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды бұзған 4 мыңнан астам лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды.

"1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін полиция қызметкерлері жол иелерімен, жол және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ел аумағындағы автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына кешенді тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша жол қауіпсіздігін жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылданатын болады", – деді Шыңғыс Алекешев.

Бұған дейін Қостанай облысында тілсіз жаудан 3 адам құтқарылғаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!