ІІМ-де интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды
© Фото: unsplash
Ақпараттық технологиялар мен онлайн-қызметтердің дамуымен интернетте ақпарат қолжетімді. Бұл интернеттегі алаяқтыққа әкелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы жылдары бұл жиі жасалатын қылмысқа айналды.
Мысалы, Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды.
Ер адам "кардингпен", яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан.
Қазір фигурант ұсталып, сотталды.
"Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда", — ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ведомство киберқылмыстарға қарсы күресті жүйелі түрде жүргізеді.
Сәуір айында Украинаның Одесса және Запорожье қалаларында өткен халықаралық арнайы операция барысында бес алаяқтық call-орталық жойылды. Қаскүнемдер қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған.
30-дан астам күдікті ұсталды, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айында жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы қаласында төрт call-орталық жойылып, 47 шетелдік ұсталды. Олар шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты алаяқтықпен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізіліп, тәркіленген техника тексеріліп жатыр.
"Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді полиция полковнигі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:26, 8 қазан 2024
Ақтөбеде полиция жеті көліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
-
11:13, 8 қазан 2024
Алматыда Жансүгіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
-
10:59, 8 қазан 2024
Шығыс Қазақстан облысында алаяқ риелторлар ұсталды
-
10:48, 8 қазан 2024
Алматыда 1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды
-
10:35, 8 қазан 2024
Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді ұстады