ІІМ Алматыдағы ірі бизнес орталықтардың бірінде жүргізілген операцияға қатысты тың мәліметтер ұсынды
© Сурет: polisia.kz
2025 жылы 25 қаңтарда Алматының ірі бизнес-орталықтарының бірінде алаяқтардың call-орталықты жою жөніндегі операцияға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі егжей-тегжейлі мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Ресей азаматы бастаған "қоңырау шалғыш" алаяқтар Алматыда ірі бизнес орталықта отырғаны хабарланған.
"Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан. 24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар. Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді". ҚР Ішкі істер министрлігі
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов атап өткендей, сall-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп, оларды алдап-арбаумен айналысу кірген.
"Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған. Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген".Қаныш Ашжанов
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 3 наурыз 2026
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт шықты
-
22:01, 3 наурыз 2026
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
-
21:40, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ
-
21:15, 3 наурыз 2026
Рудный қаласында екі жастағы қыз бала «Газель» көлігінің астына түсіп, қаза тапты
-
20:42, 3 наурыз 2026
4 наурызда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





