Халық неге табысының артқанын сезбейді – вице-министр жауап берді

15:15, 14 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов 2026 жылғы 14 шілдеде Үкіметтегі брифингте экономиканың өсуі мен халық табысының артуы арасындағы байланыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер вице-министрден мемлекет экономика өсіп жатқанын мәлімдегенімен, неліктен қазақстандықтар табысының артқанын сезінбейтінін сұрады.

"Экономика өте жоғары қарқынмен өсіп келеді. Соңғы үш жылда өсім қарқыны 5%-дан төмендеген жоқ, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,5%-ды құрады. Халықтың нақты табысына келсек, номиналды түрде табыс өсіп жатыр. Алайда инфляцияны шегергенде, өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш шынында да теріс болды. Нақты табыс шамамен 2%-дан астам төмендеді. Жақында алғашқы алты айдың статистикасы жарияланды. Онда халықтың нақты табысы қайтадан оң көрсеткішке шығып, 0,1%-ға өскені байқалды. Ал номиналды табыстың өсімі 11%-дан асты", – деді Арман Қасенов.

Ол экономиканың өсуі көп жағдайда халық табысының артуына да әсер ететінін атап өтті.

"Әдетте экономиканың өсімі халық табысының өсуіне ықпал етеді. Алайда кейбір кезеңдерде бұл көрсеткіштер сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни белгілі бір уақытта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі халық табысының өсімінен жоғары болуы немесе керісінше, халық табысы ЖІӨ-ден жылдамырақ өсуі ықтимал", – деп қосты вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда соңғы екі жылда алғаш рет халықтың нақты табысы оң өсім көрсеткені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!