Ғалымдар ядролық соғыстың салдарын қай мемлекеттер еңсере алатындығын анықтады

10:53, 8 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Жаңа Зеландия зерттеушілері ықтимал ядролық соғыстың салдарын модельдеп, қызықты қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Модельдеу нәтижелері Risk Analysis ғылыми журналында ұсынылды. Ғалымдар мұндай оқиға болған жағдайда планетаның атмосферасында 150 тераграмма күйе болады деп есептеді.

Сондай-ақ, бірнеше жыл ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 80%–ға, ал солтүстік жарты шарда шамамен 100%-ға төмендейді.

Отаго университетінің қызметкерлері бұл жағдайды, соның ішінде азық-түлік тапшылығы мен жаппай аштықты тек бес мемлекет еңсере алады деген қорытындыға келді.

Олардың арасында Исландия, Жаңа Зеландия, Австралия, Соломон Аралдары және Вануату сияқты аралдарда немесе түбек аумақтарында орналасқан елдер бар.

Бұл елдердің тұрғындары күн сәулесі аз болғанына қарамастан, қалыпты аграрлық шаруашылықты жүргізе алатындықтан аман қалады.

Бұған дейін Трамптың Мексика шығанағының атауын өзгертпекші екендігі хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!