Ғаламдық жылыну салдарынан Каспийдегі бекірелер мен итбалықтарға қауіп төнуде

12:59, 13 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Жаһандық жылыну салдарынан Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтардың тіршілік ету мекені 20-45%-ға азаюы мүмкін. Сондай-ақ ол Каспий итбалықтарының көбеюіне қажетті мұздықтар санының қысқаруына әкеліп соғатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Британдық Лидс университетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай дабыл қағарлық жағдайды халықаралық климатологтар мен экологтар анықтаған.

"Егер адамзат парниктік газдар шығарындыларын едәуір азайтса да, біз Каспийдегі су деңгейінің айтарлықтай төмендеуінен қашып құтыла алмаймыз. Біздің еншіміздегі бірнеше онжылдықтарды теңіздің биоәртүрлілігін қорғауға жұмсауға болады. Мұны мүмкіндігінше тезірек бастау керек", - деп түсіндірді Лидс университетінің ғылыми қызметкері Саймон Гудман.

Ғалымдардың пікірінше, ғаламдық жылыну, жауын-шашын мен өзен ағындарының сиреуі салдарынан Каспий теңізіндегі су деңгейі ғасырдың аяғында шамамен 10 немесе 20 метрге төмендеуі мүмкін. Олар 20 жыл ішінде Каспийдегі су деңгейі жыл сайын шамамен алты сантиметрге төмендейтінін айтады.

"Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, әсіресе Каспийдің солтүстік бөлігінде бой көрсететін сең мен мұздықты қажет етуші итбалықтарға теріс әсер етеді. Су деңгейі бес метрге азайған кезде де итбалықтарға жарамды мұздың ауданы 81%-ға азаяды, бұл олардың азайып бара жатқан популяциясына үлкен қысым жасайды".

Бекіре тұқымдас балықтардың сирек түрлері мекендейтін аумақ Каспий теңіз деңгейінен бес метр төмендегенде 25%-ға, ал су деңгейі он метрге төмендеген кезде 45%-ға қысқарады.

Бұған дейін эколог Айжан Сқақова Zakon.kz сайтына Каспий теңізінің ағымдағы жай-күйі және табиғи байлықты сақтау үшін қабылдануы тиіс шаралар туралы айтып берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!