Футбол матчы кезінде ақтөбелік әйелдің бетіне доп тиіп, бас-ми жарақатын алды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде өткен "Ақтөбе" мен "Алтай" футбол клубтарының матчы оқыс оқиғамен аяқталды. Ойын барысында трибунаға ұшып шыққан доп көрермендердің бірі - Ақтөбе қаласының тұрғыны Аянай Елтоқованың бетіне тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Astana TV" мәліметінше, соққы салдарынан әйел есінен танып, ми шайқалу және бас-ми жарақатын алған. Қазір ол ем қабылдап жатыр.
Жарақат алған әйел оқиғаны былай сипаттады:
"Қан кетті, мен басымды төмен түсірдім, кейін не болғанын білмеймін. Өз-өзіме стадион жанындағы орындықта отырған кезде әрең келдім. Ауруханаға барған кезде көмек көрсетті. Дәрігерлер ауруханаға жатқызу қажет екенін айтты. Соңында диагноз ретінде жабық бас-ми жарақаты, жұмсақ тіндердің соғылуы және ауыр дәрежедегі ми шайқалу қойылды", – деді ол.
Оның айтуынша, қазір бас ауруы мен ұйқысыздық мазалайды. Әйел бұл жағдай стадиондағы қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігінен болған деп есептейді. Сондай-ақ ол футбол клубының оқиғаға реакциясына көңілі толмағанын айтқан.
Ал "Ақтөбе" футбол клубы бұл жағдайға байланысты ресми түрде кешірім сұрағанын және жәбірленушімен кездескенін хабарлады.
Клуб өкілінің айтуынша, олар әйелді және оның жұбайын кеңсеге шақырып, ресми түрде кешірім сұраған:
"Клуб тарихында мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Біз ресми түрде кешірім сұрадық, ертең кездесуге келістік. Сондай-ақ оған және жұбайына бір жылдық абонемент пен "Ақтөбе" клубының футболкаларын сыйға береміз. Әдетте қауіпсіздік торлары тек қақпа артында орнатылады, халықаралық стандарттар да солай", – деді клубтың медиаофицері Асет Жомарт.
Қазір зардап шеккен тарап клубтан моральдық және материалдық өтемақы талап ететінін мәлімдеді.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Сербиядағы ірі турнирде жеңіске жетіп, топ жарғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 19 мамыр 2026
Көлік министрлігі Қазақстандағы аэротакси бағасына қатысты күмәнге жауап берді
-
11:53, 19 мамыр 2026
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан азамат ұсталды
-
11:47, 19 мамыр 2026
Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды
-
11:34, 19 мамыр 2026
Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды
-
11:23, 19 мамыр 2026
19 мамырдағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамдары





