Форт-Шевченкода жасөспірім жүк көлігін ұрлап әкетіп, 14 жасар қызды қағып кетті
© Фото: Zakon.kz
Форт-Шевченкода жасөспірім ата-анасының "Газель" көлігін рұқсатсыз тізгіндеп, 14 жастағы қызды басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға 25 маусымда болғанымен, бейнежазба әлеуметтік желіде тек тамыздың басында тарады.
"Кадрларда жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып, адамдардың арасынан өтіп бара жатқаны көрінеді. Полиция мәліметінше, рөлде 2010 жылы туған, 8-сыныпта оқитын бала болған. Ол қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жарақат алған 2011 жылғы қыз бес күн жансақтау бөлімінде жатып, ауыр ота жасатқан. Бір ай бойы тек түтік арқылы тамақтанып, денесін қозғалта алмаған. 28 шілдеге дейін ауруханада ем қабылдаған",- делінген басылымның жазбасында.
Тергеу барысында жасөспірімнің көлікті ата-анасының рұқсатынсыз айдап кеткені анықталды. Олардың үстінен екі бап бойынша іс қозғалды:
- ҚР ӘҚБтК 127-бабы – Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу (10 АЕК, 39 320 теңге айыппұл),
- ҚР ҚК 345-бабы – Жол қозғалысы ережесін бұзу, абайсызда денсаулыққа орташа зиян келтіру (160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету немесе қоғамдық жұмыстар, 40 тәулікке дейін қамау, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру).
Бұған дейін Павлодар облысында қаралы қауым Бақтияр Ержігітовті ақтық сапарға шығарып салғандығын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





