Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

20:47, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567474

© Фото: zakon.kz

Әзірбайжан территориясында ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірбайжанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, премьер-министр Әли Асадов қаулыға қол қойды, деп жазады Anadolu.

Қаулыға сәйкес, ел аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына және одан туындауы ықтимал салдарларға жол бермеу мақсатында республикадағы ерекше карантин режимінің мерзімі 2027 жылдың 2 қаңтарына дейін ұзартылды.

Айта кетсек, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025-2026 жылдардағы жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы қаулыға қол қойған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!