Әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы төлеу туралы: Еңбек министрлігі не шешті
© Сурет: pixabay
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұловтан 2024 жылғы 11 желтоқсанда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында журналистер бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер көлемі неге өсірілмейтінін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елімізде 1,5 жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері шамамен 22 мың теңгені құрайды. Депутаттар бұған дейін бұл төлем көлемін 70 мың теңгеге дейін өсіруді ұсынған болатын. Төлеген Оспанқұлов бүгіндері "бір балаға 22 мың төленетінін" растады.
"Бірақ бұл ретте екінші, үшінші, төртінші балаға келгенде, бұл төлем сомасы өсіп отырады, бірақ, 70 мыңды құрамайды, әрине. Бүгінгі таңда біздің министрлікпен төлемдердің 41 түрі жасалады. Осы төлемдердің барлығын өтеу үшін бізге республикалық бюджеттен шамамен 5,2 млрд теңге қажет", - деді ол.
Ведомство есеп жасап, егер әрбір балаға 70 мың теңгеден төленсе, онда қазіргі балалар санына шаққанда төлемдерді жасауға 5,7 трлн теңге қажет болатынын анықтаған.
"Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ бүгінгі таңда бұл салық төлеушілердің ақшасы екенін ескерсек, біз бұл соманы зорайта алмаймыз деп ойлаймын", – деп сөзін қорытындылады Төлеген Оспанқұлов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 15 наурыз 2026
ҚР ІІМ: референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі тыныш
-
13:19, 15 наурыз 2026
Референдум барысында шағым түскен жоқ – ҚР Бас прокуратурасы
-
13:01, 15 наурыз 2026
ҚР президентін сайлауы, Таяу Шығыстағы ахуал және Трамптың бастамасы: Тоқаев БАҚ сұрақтарына жауап берді
-
13:01, 15 наурыз 2026
Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді
-
12:55, 15 наурыз 2026
Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова референдумда дауыс берді





