Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады
13:41, 23 қыркүйек 2016
Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады. Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана некенi мешiтте қиюға болады. Мешiтте некесiн қиғысы келетiн жастар неке туралы куәлiктi көрсетуi тиiс. ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi республиканың барлық мешiттерiне жауапты Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасына жастар Әдiлет органдары берген неке туралы куәлiктi көрсеткеннен кейiн ғана некенi қиюды тапсырды. Яғни, мешiттердiң неке туралы куәлiктердi жайдан-жай беру фактiлерi жоқ. Мүмкiн, бұрын болған шығар, қазiр ол жоқ», - дейдi Ғ.Абзалбек.
Фото: turkystan.kz
Дереккөз: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:35, 30 сәуір 2026
Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге «баллмен бағалау» жүйесі енгізіле бастайды
-
20:30, 30 сәуір 2026
Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды
-
20:09, 30 сәуір 2026
Зейнеткер тауып алған әмиянды қайтармағаны үшін қамауға алынды
-
19:53, 30 сәуір 2026
Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады
-
19:29, 30 сәуір 2026
Қазақстандықтар Бішкекте жалған доллармен ірі алаяқтық жасаған: сот үкім шығарды





