Еңбек министрлігі Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған шетелдіктерге ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап жүрген шетелдіктерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, елімізде құжат рәсімдеуге көмектесемін деп ақша сұрайтын делдалдар бар. Алайда олардың уәдесіне сенуге болмайды.
"Көші-қон комитетіне ақылы түрде құжаттарды рәсімдеу процесін жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне ықпал етуге уәде беретін делдалдарға қатысты өтініштер түсіп жатыр. Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл саладағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу мен құжаттарды қарау нәтижелерін ақы төлеу арқылы өзгерту мүмкін емес", – деп мәлімдеді министрлік.
Ведомство өкілдері белгісіз делдалдарға ақша бермеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.
Қазақстанда қандас мәртебесін немесе тұрақты тұруға рұқсат алуды жоспарлаған азаматтардың көші-қон әлеуетін бағалау кезеңдерінің бірі – ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын онлайн-тестілеу. Министрліктің түсіндіруінше, бұл қазақ тілін терең меңгеруді талап ететін күрделі емтихан емес.
Қазақстанда 2026 жылғы 20 тамызға дейін республика азаматтығын алуға үміткерлерден тестілеуге қатысуға өтініштер қабылданды. Тестілеу 22 тамызда өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:42, 15 қыркүйек 2026
Қытай ғалымдары Тынық мұхитынан мол алтын қорын тапты
-
10:35, 15 қыркүйек 2026
Украина президенті Ресеймен қақтығысты тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді
-
10:14, 15 қыркүйек 2026
Күйеуін ұрып өлтірген зейнеткер әйелге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
10:08, 15 қыркүйек 2026
Талдықорғанда 85 млн теңгеден астам бюджет қаражаты «асфальт астында» қала жаздады
-
09:58, 15 қыркүйек 2026
Қытайда пластиктен жол салынды: сүт бөтелкелері пайдаға жарады





