Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
© Фото: Zakon.kz
Енді қазақстандықтар емханасын кез келген уақытта ауыстыра алады. Ол үшін бекіту науқанын күтудің қажеті жоқ. Елімізде медициналық мекемеге тіркелу тәртібі өзгермек.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Қазір құжат қоғам талқысына шығарылды.
Басты жаңалығы: жыл сайынғы бекіту науқаны алынып тасталады. Яғни тұрғындар бұрынғыдай 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығын күтпей-ақ, өзіне ыңғайлы емханаға кез келген уақытта ауыса алады, деп жазады qazaqstan.tv.
Бірақ таңдалған мекеме азамат тұратын ауданда болуы керек. Үйге неғұрлым жақын, жаяу 20 минутта жететіндей.Бұл мүмкіндік жылына бір-ақ рет беріледі.
Ал қоныс аударған азаматтар бұрынғыдай жаңа мекенжайына жақын емханаға тіркеле алады.
Тағы бір өзгеріс студенттер, курсанттар мен әскери қызметшілерге қатысты. Енді олар міндетті түрде бір емханаға жаппай тіркелмейді.
Егер, жатақханада тұрмаса өздері тұратын жеріне жақын медициналық мекемені таңдаса болады. Бұл шара медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, бекіту рәсімін жеңілдетуге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Жаңа тәртіп күшіне енсе, азаматтар жаңадан тіркелген емхананың қызметін келесі айдан бастап пайдалана алады.
Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек келесі жылдың қаңтарынан бастап берілетін. Азаматтар "Ашық" порталындағы бұйрықпен танысып, ұсыныс-пікірін қалдыра алады. Талқылау 28 мамырда аяқталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:14, 19 мамыр 2026
Иран АҚШ-пен келіссөздер туралы жаңа мәлімдеме жасады
-
10:06, 19 мамыр 2026
Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы төлемдерін алуға құқылы – Конституциялық сот
-
09:52, 19 мамыр 2026
Үндістанда турист әйел пілдердің шабуылынан қаза тапты
-
09:45, 19 мамыр 2026
Алматыда Голан жоталарына аттанған үшінші бітімгерлік құрамды салтанатты түрде шығарып салды
-
09:31, 19 мамыр 2026
Қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырды





