Елордада ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
© Фото: pexels
Астана қаласында полицейлер 39 жастағы ер адамды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.
Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, "фильтрді ауыстыру қажет" деген сылтау айтқан. Осы айла-шарғы арқылы ол азаматты адастырып, 4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр.
Полицейлер басқа да жәбірленушілердің бар-жоғын анықтау үшін тексеріс жүргізуде. Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады.
Бөгде адамдарға сеніп, ірі көлемде ақша қаражатын бермеу қажеттігін ескертеді. Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай алаяқтық әрекетке тап болсаңыздар, бірден полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 21 қыркүйек 2026
Атырау облысында автобус пен арнайы техника соқтығысты: үш жолаушы ауруханаға жеткізілді
-
22:00, 21 қыркүйек 2026
Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі
-
21:04, 21 қыркүйек 2026
Елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, өрт қаупі күшейеді
-
20:43, 21 қыркүйек 2026
Қазақстандық жеке сот орындаушылары мемлекеттен жарты миллиард теңгенің табысын жасырған





