Елімізде 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 95%-ға ұлғайтылады
© Фото: freepik
ҚР Білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 95 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қаңтарда үкіметтің сайтында жарияланған хабарламада айтылғандай, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған.
Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады.
500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша "Тілге бойлау" пилоттық жобасына қатысады.
- 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде "Қаражатты баланың соңынан ілестіру" қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
- Орта білім беруде 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізу;
- ерекше қажеттілігі бар балалардың 90%ын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту;
- физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алу;
- 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосу жоспарлануда.
- Колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқытумен қамту;
- жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайту; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыру;
- жеке инвестиция тарту арқылы 80 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту және жабдықтау;
- колледждерде шағын 10 кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды