Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасын қабылдады
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде қазақ-қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту, парламентаралық диалог, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп нақтылайды 2026 жылы 26 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі.
"Бүгінде халықтарымыздың арасындағы тарихи достық байланыстары өзара сенім және шынайы көршілестік рухында ойдағыдай дамып жатыр. Қытай әрдайым Қазақстанға қолдау көрсетіп келеді. Сол үшін біз Қытай халқына, оның басшылығына және әрине, төраға Си Цзиньпин мырзаға шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз үшін қазақ-қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін ұдайы негізде нығайту өте маңызды. 2025 жыл екіжақты қарым-қатынасымыздағы тарихи әрі теңдессіз кезең болды. Өзара сапарлар сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге мықты серпін берді. Маңызды жетістіктеріміздің бірі – өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге, яғни, 49 миллиард долларға жетті. Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі инвесторларының тобына кіреді. Қытайлық инвестициялардың жиынтық көлемі 29 миллиард доллардан асты. Жақында мен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойдым. Бұл құжат инвестициялық ынтымақтастығымыздың дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент екіжақты әрі көпжақты деңгейдегі ықпалдастықты одан әрі ілгерілету үшін берік саяси негіз қалыптасқанына тоқталды.
"Қазақстанның және Қытайдың халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас немесе бірдей. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясындағы нәтижелі ықпалдастығымызды ерекше атап өткім келеді. Қазақстан Қытай ұсынып отырған даму, өркениеттер диалогы және жаһандық басқару салаларындағы маңызды бастамаларды жоғары бағалайды әрі қолдайды. Еліміз "Бір Қытай" қағидатын берік ұстанады. Сонымен қатар Қазақстан "Орталық Азия – Қытай" жаңа форматындағы көпжақты ынтымақтастықты толықтай қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы орайлы мүмкіндікті пайдаланып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге сәлемі мен ізгі тілегін жолдады.Президент Қытай Халық Республикасының төрағасы ұстанған стратегиялық бағыт-бағдардың тиімділігін атап өтті.
"Жаңа 15-ші бесжылдық жоспар да Қытайды халықаралық сахнада маңызды рөл атқаратын әлемдік держава және жоғары дамыған мемлекет ретінде одан әрі нығайта түсеріне сенеміз", – деді Мемлекет басшысы.
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстан президентіне ҚХР төрағасының ыстық ықыласын жеткізді.
"Соңғы жылдары төраға Си Цзиньпиннің және Сіздің көреген басшылығыңызбен ерекше қамқорлығыңыздың арқасында қытай-қазақ қатынастары қарқынды дамып, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Былтыр Сіз төраға Си Цзиньпинмен Астанада және Тяньцзинде екі мәрте кездесіп, елдеріміздің ықпалдастық бағыттарын айқындадыңыздар", – деді Чжао Лэцзи.
Сонымен қатар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Ата заңға енгізілген өзгерістер мемлекеттің ұзақмерзімді дамуы тұрғысынан стратегиялық маңызды шешім болғанына назар аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 26 мамыр 2026
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды
-
19:22, 26 мамыр 2026
Соңғы сегіз жылда ҚР азаматтығынан бас тартуға берілген өтініштер саны шамамен 40 есеге қысқарған
-
19:15, 26 мамыр 2026
Алматыда Олжас Сүлейменовтің мерейтойына орай халықаралық форум өтті
-
19:01, 26 мамыр 2026
Саясат Нұрбек ҰБТ форматын қайта қарастыруға не түрткі екенін айтты
-
18:42, 26 мамыр 2026
Мектеп бітіру кештерін мейрамхана мен дәмханаларда тойлағандарды қандай жаза күтіп тұр






