Елімізде 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді

© Сурет: ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінгі таңда күрес шаралары аясында 1,8 млн гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Бұл жоспарланған 2,1 млн гектардың 86,6 пайызын құрайды.
Түркістан облысында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, 371,79 мың гектар жер өңделген. Жамбыл облысында 86,12 мың гектар (80%) алқапқа өңдеу жүргізілді.
Жұмыстар еліміздің тағы 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: Қостанай облысында – 391,04 мың га, Ақтөбе облысында – 388,93 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 191,48 мың га, Ақмола облысында – 65,31 мың га, Атырау облысында – 50,84 мың га, Қарағанды облысында – 39,28 мың га және басқа өңірлерде.
"Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру жағдайлары тіркелген жоқ. Өңдеу жұмыстарына 459 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылды. Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және басқа да ресурстармен толық қамтамасыз етілген", делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, 2025 жылдың 28 мамырында Ауылшаруашылығы министрлігі ресми мәлімдеме жасап, шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 8 шілде 2025
Қауіпті ауа райы: Астанада, Алматыда және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
-
22:36, 8 шілде 2025
Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
-
21:53, 8 шілде 2025
Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирдің жеңімпазы атанды
-
21:12, 8 шілде 2025
Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адам күйіп қалды
-
20:52, 8 шілде 2025
Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды