Елімізде 3 млн азамат несие алудан ерікті түрде бас тартқан
© Сурет: pxhere
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова 2025 жылғы 15 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында халықтың қарызға батуының алдын алудың бір шарасы – "несиеден ерікті түрде бас тарту" тетігінің тиімділігін бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл мүмкіндікті пайдаланған қазақстандықтардың санын айтты.
"Біздің деректерімізге сәйкес, шамамен 3 млн адам несие алудан ерікті түрде бас тартты. Жалпы 4 млн қазақстандық осы норманы бір кездері пайдаланған", - деді Әбілқасымова.
Оның айтуынша, бұл шара тиімді және себебін түсіндірді.
"Бұл – тиімді шара. Себебі егер адамның атына алаяқтық жолмен несие рәсімделсе, ал ол несие алудан ерікті түрде бас тартса, қаржы ұйымы ол несиені сотсыз және тергеусіз, яғни сотқа дейінгі тәртіпте есептен шығаруға міндетті. Өйткені іс жүзінде оның жеке деректері ұрланып, хабарынсыз несие рәсімделген болып шығады", - деп толықтырды агенттік төрайымы.
Еске салайық, бұған дейін қай кезде азаматтарға несие бермеуі мүмкін екенін жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:19, 10 қыркүйек 2026
«Банк қызметкерлері» қазақстандық әйелді несие алуға және алтынын сатуға көндірген: іс немен аяқталды
-
15:11, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандықтар қанша ақша жинайды және жинақтарын қайда сақтайды – Ұлттық банк
-
15:02, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандық 65 жастағы көршісін ұрып өлтірді
-
14:52, 10 қыркүйек 2026
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 100-ге жуық адам табылды
-
14:46, 10 қыркүйек 2026
Интернет арқылы дәрі-дәрмек сатқан қазақстандық 7 жылға сотталды





